Сәлеметсіз бе, Шатемірқызы Ақмарал!


Біздің ресурстарға қызығушылық танытқаныңызға қуаныштымыз! Біздің электронды оқыту құралдарымыз сабақты тиімді әрі қызықты өткізуді қалайтын мұғалімдер үшін арнайы жасалған.


1. www.iMektep.kz - еліміздің үздік әдіскерлері мен оқытушылары күш біріктіріп жүзеге асырған қазақ тіліндегі бастауыш мектеп курсы


iMektep бастауыш мектеп бағдарламасына енген негізгі 8 пән бойынша толықтай анимацияланған сабақ үлгілерін ұсынады.


  • математика
  • дүниетану
  • ана тілі
  • қазақ тілі
  • әдебиеттік оқу
  • бейнелеу өнері
  • музыка
  • еңбекке баулу
  • өзін-өзі тану

пәндерінен тұратын бұл курс 170-тен аса тақырыпты қамтиды. Әр сабақ берілген тақырыпты жан-жақты ашатын қысқа анимациялық фильм мен ойын түріндегі интерактивті тапсырмалардан және тестерден құралған.


2. www.bilimland.kz - әлемдегі электронды оқыту саласының жетістіктері негізінде жасалған көптілді білім беру платформасы

Bilimland-те Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы бар.


Қазақ әдебиеті аудиохрестоматиясының мақсаты – пән мұғалімдеріне заманға сай құрал бере отырып, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Аудиохрестоматия ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасында аталған барлық шығармалардың толық аудио нұсқаларынан құралады.

Атап айтсақ, бұл оқу құралын дайындау аясында 130 автордың 1500-ден аса туындысының толық нұсқалары сандық таспаға жазылды. Нәтижесінде жалпы көлемі – 900 cағаттан астам аудио жазба жинақталды. Бұл қазақ әдебиеті інжу-маржандарының мұндай ауқымда тұңғыш рет таспаға түсуі.

3. www.iTest.kz -
Ұлттық бірыңғай тестілеуге онлайн дайындалу үшін арнайы жасалған, тәулік бойы қолжетімді электронды оқыту кешені

iTest - виртуалды оқыту кешені ҰБТ тәртібіне сәйкес қазақ және орыс тілінде 4 негізгі пән (математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі) және 9 таңдау пәні (география, дүниежүзі тарихы, химия, биология, неміс тілі, физика, ағылшын тілі, француз тілі, қазақ әдебиеті) бойынша дайындалу материалдарын ұсынады.

Қазақ тілі тақырыптары мектеп бағдарламасы бойынша берілген, қазақ әдебиеті кезеңдер бойынша бөлінген. Әр пән бойынша қысқаша конспекті мен білімді тексеруге арналған қосымша 10 тест нұсқасы ұсынылады.


Құрметті, Шатемірқызы Ақмарал, осы үш сайттың біріне тіркелу арқылы сіз бір аккаунтпен үш сайтты да 7 күн тегін пайдалана аласыз. Ол үшін http://bilimland.kz сайтына өтіп, басты бетте көрсетілген "Анкетаны толтырып, сайтты 7 күн тегін пайдалану мүмкіндігіне қалай қол жеткізеді?" атты видеонұсқаулықпен танысып шығыңыз да, нұсқаулық бойынша сайтқа тіркеліңіз.

Біздің ресурстарымызды 7 күн пайдаланып көріңіз, сізге ұнайды деп сенеміз. Жазылымды жеке пайдаланушы ретінде немесе мектебіңізбен сатып алсаңыз болады. Жазылу бойынша ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз http://www.bilimmedia.kz/kz/price

Іске сәт!

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз. Сізге әрдайым көмек көрсетуге әзірміз!


Ізгі ниетпен,

Жания Елбаева

Қолдау орталығы

BilimLand | iTest | iMektep | Twig-Bilim