Сәлеметсіз бе,

Біздің ресурстарға қызығушылық танытқаныңызға рақмет!

Мектепке дейінгі және арнайы оқыту мультимедиялық кешені Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына сәйкес жерсіндірілген.


Мамандардың оң бағасына ие болған және түрлі конкурстарда жеңімпаз атанған аталмыш сандық мультимедиалық кешен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуға, мектептке дайындауға, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен терапевттік сабақтар өткізуге арналған.


Балалардың өздерін қоршаған әлеммен танысуға көмектесетін төрт мыңнан астам материал бар. Атап айтқанда: түстерді, дыбыстар мен фигураларды ажырату, жады мен моториканы дамыту, сөйлеп, сурет салып, жазып және санап үйрену. Мүмкіндіктері әртүрлі балаларды дамыту үшін балалар, олардың ата-аналары, мұғалімдер мен терапевт дәрігерлер бірігіп, тиімді жұмыс атқаруына ыңғайлы орта.

Бұл – балаларды мектепке дайындауға жәрдемдесетін тамаша құрал.

Оқыту кешенінің жалпы сипаттамасымен танысу үшін қыстырылған файлды қараңыз.

Сізге ресурстарымыз ұнайды деген үміттеміз. Сұрақтарыңыз болса, хабарласуыңызды сұраймыз.