Ресурстарды сыныпта қолдану әдісі қандай?


  • Біздің ресурстарды сыныпта қолдану әдісі мен тәжірибесі мұғалімнің шығармашылық қабілетіне байланысты.
  • Біздің сабақтарымыз жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылау барысында тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материал ретінде қолданыла алады.
  • Алайда, көп жағдайда мұғалімдер төңкерілген сынып әдісін қолдануды дұрыс көреді. Оқушылар біздің ресурстарымыздың көмегімен сыныпқа келмей тұрып (мысалы үй тапсырмасы ретінде) жаңа тақырыппен өз беттерінше танысады, ал мұғалім сыныпта уақытының көп бөлігін жаңа тақырыпты түсіндіруге емес, оны талқылауға көбірек бөледі.