Біздің сайттағы онлайн төлемнің қауіпсіздігі 3 жақтап қамтамасыз етілген. Біріншіден, біздің платформа Сіздің жеке ақпараттарыңызды сақтап, төлем бетіне қауіпсіз апарады. Екіншіден, төлем жүйесі Германиядан әкелінген ePay.kz e-коммерциялық қауіпсіз төлемдерді қабылдайтын жүйемен атқарылады. Үшіншіден, транзакция мәліметтері KazKom жүйесі арқылы өтеді.


Банк картасы арқылы онлайн жазылымды төлеу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:


  1. iMektep сайтын ашып, электронды поштаңыз бен құпиясөзіңізді енгізіп, кіру батырмасын басыңыз
  2. "Жазылу" бетіне өтіңіз
  3. Жазылу мерзімін таңдаңыз
  4. “Банк картасы арқылы төлеуді” таңдаңыз
  5. “Төлеу” батырмасын басыңыз
  6. Тапсырыс өңделуін күтіңіз (30 сек)
  7. Ашылған терезеде карта иесінің атын дәл картада көрсетілгендей етіп, қатесіз енгізіңіз
  8. Картаның нөмірін енгізіңіз
  9. Картаның мерзімін көрсетіңіз: айы және жылы
  10. Картаның артқы жағында көрсетілген CVV2 кодын енгізіңіз
  11. Еmail-ді енгізіңіз
  12. Телефон нөмірін көрсету міндетті емес
  13. “Төлеуді” басыңыз
  14. Төлемнің өңделуін күтіңіз (1 мин)
  15. Егер банк картасында 3D secure қауіпсіздік жүйесі орнатылған болса, 3D құпиясөзіңізді енгізіңіз
  16. Осымен төлем аяқталды

iTest-ті пайдаланғаныңыз үшін рақмет!