iTest сайтына тіркелу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

 

1. Тіркелу үшін жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан «Тіркелу» батырмасын басыңыз.

2. Ашылған терезенің бірінші жолына өзіңіздің жеке электронды поштаңызды (email) жазыңыз.

3. Екінші жолға құпиясөзді жазыңыз. Құпиясөзді растау үшін оны келесі жолға қайта жазыңыз.

4. Содан соң «Тіркелу» батырмасын басыңыз.

5. Тіркелудің сәтті өткендігі туралы хабарлама шығады және электронды поштаңызға тіркелуді растау туралы хат келеді.

6. Электронды поштаңызға өтіп, iTest-тен келген хаттағы тіркелуді растайтын сілтемені басыңыз. Тіркелу сілтемесін басқаннан кейін iTest.kzсайты ашылады.

Осымен тіркелу аяқталды. Енді біздің сайтымызға қалаған уақытыңызда және қалаған жерден кіре аласыз. Сонымен қоса, осы сайтқа тіркелген мәліметтермен біздің басқа да білім беру сайттарымызға кіре аласыз. Олар: www.BilimLand.kz және www.iMektep.kz