QIWI терминалы арқылы төлем жасап, жазылымды іске қосу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:


  1. Өзіңізге ыңғайлы орналасқан кез келген QIWI терминалын таңдаңыз
  2. "Қызметтерді төлеу" бөліміне кіріңіз
  3. "Басқа қызметтер" бөлімін таңдаңыз
  4. "Білім беру қызметтері" бөлімін таңдаңыз
  5. Қызметтер тізімінен «www.iMektep.kz» батырмасын тауып, басыңыз
  6. Біздің сайтта тіркелген электронды поштаңызды енгізіп, "Алға" батырмасын басыңыз
  7. Мәліметтер тексерілгенін күтіңіз
  8. Мекенжайдың дұрыс енгізілгенін мұқият тексеріп, "Алға" батырмасын басыңыз
  9. Дыбысталған нұсқаулық бойынша ақшаны терминалдың ақша қабылдағышына салыңыз
  10. "Алға" батырмасын басыңыз. Түбіртекті салған сомаңыз дербес шотыңызға түскенше сақтаңыз
  11. Енді iMektep сайтын ашып, электронды поштаңыз бен құпиясөзіңізді енгізіп, кіру батырмасын басыңыз
  12. “Жазылу” бетіне өтіңіз
  13. Жазылу мерзімін таңдаңыз
  14. Төлеу әдісін таңдау бөлімінен "Жеке шоттан төлеуді" таңдаңыз
  15. Соманың дербес шотыңызға түскендігін тексеріп, "Жеке шоттан төлеу" батырмасын басыңыз
  16. Осымен жазылымды іске қосу сәтті аяқталды

iMektep-ті пайдаланғаныңыз үшін рақмет!