7 күн тегін пайдалану мүмкіндігін алу үшін төменде берілген нұсқаулықты орындаңыз:


    1. iMektep сайтын ашыңыз

    2. "Кіру" батырмасын басыңыз

    3. Электронды поштаңызды енгізіңіз

    4. Құпиясөзіңізді енгізіңіз


    Ескерту: Егер сайтқа бөтен компьютер арқылы кірсеңіз, "Есте сақтау" деген жерге белгі қоймаған дұрыс. Бұл басқа адамның Сіздің аккаунтыңыз арқылы iMektep-ке кірмеуін қамтамасыз етеді.

    Егер Өзіңіздің компьютеріңіз немесе басқа жеке құралыңыз арқылы кірсеңіз, "Есте сақтау" белгісін қойыңыз. Сол арқылы келесі жолы сайтқа оңай кіре аласыз.


    5. "Кіру" батырмасын басыңыз

    6. Жоғарғы сол жақта көрсетілген есіміңізге басып, "Жеке бетке" өтіңіз

    7. Анкетаны ашып, бос жолдарды толтырыңыз


    Ескерту: Толтырылуы міндетті жолдар қызыл жұлдызшамен белгіленген. Жұлдызшасы жоқ жолдарды толтыру міндетті емес.


    8. Сапалы қызмет көрсету үшін бізге Сіз туралы мейлінше толық ақпарат алу маңызды

    9. Қызықты хабарламалар жіберіп тұру үшін Сізді қандай пән қызықтыратынын білуіміз қажет

    10. Мектебіңіздің толық атын енгізіңіз

    11. Сыныбыңызды таңдаңыз

    12. Қаласаңыз фотосуретіңізді жүктеңіз

    13. Анкетаны толтырып, сақтағаннан кейін 7 күндік тегін пайдалану сыйлығына ие боласыз. Оны тексеру үшін "Профайлды көру" батырмасын басып, "Жазылу статусына" өтіңіз

    14. Енді, басты бетке өтіп, қажетті пәніңізді таңдап, сабақтарды көруге болады
      Іске сәт!