Банк картасы арқылы онлайн жазылымды сатып алу үшін:

  1. BilimLand сайтын ашыңыз.
  2. "Кіру" батырмасын басыңыз.
  3. Email-ді енгізіңіз.
  4. Құпиясөзіңізді енгізіңіз.
  5. Егер сайтқа бөтен компьютер арқылы кірсеңіз, "Есте сақтау" деген жерге белгі қоймаған дұрыс. Бұл бөтен адамның Сіздің аккаунтыңыз арқылы BilimLand-ке кірмеуін қамтамасыз етеді.
  6. Егер Өзіңіздің компьютеріңіз немесе басқа жеке құралыңыз арқылы кірсеңіз, "Есте сақтау" белгісін қойыңыз. Сол арқылы келесі жолы сайтқа оңай кіре аласыз.
  7. "Кіру" батырмасын басыңыз.
  8. "Жазылу" бетіне өтіңіз.
  9. Жазылу мерзімін таңдаңыз.
  10. “Банк картасы арқылы төлеуді” таңдаңыз.
  11. “Төлеу” батырмасын басыңыз.
  12. Тапсырыстың өңделуін күтіңіз (30 сек)
  13. Ашылған терезеде карта иесінің атын дәл картада көрсетілгендей етіп, қатесіз енгізіңіз.
  14. Картаның нөмірін енгізіңіз.
  15. Картаның мерзімін көрсетіңіз: айы және жылы.
  16. Картаның артқы жағында көрсетілген CVV2 кодын енгізіңіз.
  17. Еmail-ді енгізіңіз.
  18. Телефон нөмірін көрсету міндетті емес.
  19. “Төлеуді” басыңыз.
  20. Төлемнің өңделуін күтіңіз (1 мин).
  21. Егер банк картасында 3D secure қауіпсіздік жүйесі орнатылған болса, 3D құпиясөзіңізді енгізіңіз.

BilimLand-ті пайдаланғаныңыз үшін рақмет!