BilimLand сайтына тіркелу туралы нұсқаулық:

  1. Бұл ресурстың барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін сізге тіркелу керек. Бұл өте оңай, тіркелу бар болғаны екі қадамнан тұрады:
  2. Бірінші, “Тіркелу” бөліміндегі үш өрісті толтыруыңыз керек.
  3. Бұл үшін жоғарыдағы "Тіркелу" батырмасын басу керек. Ашылған терезенің бірінші жолына өзіңіздің жеке электронды поштаңызды енгізіңіз.
  4. Енгізілген электронды поштаны мұқият тексеріңіз, қате кеткен жағдайда тіркелу орындалмайды.
  5. Келесі жолға біздің сайтқа кіру кезінде қолданатын құпиясөзді енгізіңіз. Мысалы,“BilimLand123”.
  6. Құпиясөзді растау үшін оны келесі жолға қайта енгізіңіз.
  7. "Тіркелу" батырмасын басыңыз.
  8. Осыдан кейін сіз сәтті тіркелгеніңіз жайлы хабарлама көресіз және электронды поштаңызға тіркелуіңізді растайтын хат келеді. Сол хаттың ішіндегі сілтемені басып, тіркелуіңізді растаңыз.
  9. Екінші қадам. Электронды поштаңызды ашыңыз, BilimLand-тен келген хабарламадағы тіркелуді растайтын сілтемені басыңыз. Осымен тіркелу аяқталды. BilimLand сайтына қалаған кезде кіріп, пайдалана берсеңіз болады. Бұнымен қоса, осы мәліметтеріңізбен біздің басқа да білім беру сайттарына кіре аласыз: www.iTest.kz және www.iMektep.kz.

Іске сәт!